«Ордабасы» чемпиондықтан біржола қол үзді
Футболдан Қазақстан чемпионатында алтынға үміткер командалардың саны біреуге кеміді.
Өз алаңында Қарағандының «Шахтерімен» тең ойнаған Шымкенттің «Ордабасы» клубы чемпиондықтан біржола қол үзді. Сондай-ақ сырт алаңда «Жетісу» ұжымынан жеңілген «Ақтөбенің» де жағдайы мәз емес. Алда үш-ақ тур қалды. Ал қоржынында 28 ұпайы бар Владимир Мұқанов шәкірттерінің осы үш ойында 35 ұпайы бар көш басындағы «Жетісуды» қуып жететініне сенетіндер өте аз. Екінші орындағы «Шахтерде» — 33, Одан кейінгі орында 30 ұпаймен «Астана». «Ертісте» 29 ұпай болса, «Ордабасыда» бар болғаны – 25 ұпай. Ал «екінші алтылықтың» ойындары тіптен тартысты өтуде.
29-турдың нәтижелері:
«Жетісу» (Талдықорған) – «Ақтөбе» – 2:0
Голдар: Остапенко, 13. Щеткин, 84.
«Ордабасы» (Шымкент) — «Шахтер» (Қарағанды) – 0:0
«Ертіс» (Кереку) — «Астана» – 3:1
Голдар: Асанбаев, 3. Данаев, 66. Мальцев, 77 – Чернышов, 86-өз қақпасына.
«Тобыл» (Қостанай) — «Атырау» – 4:2
Голдар: Гридин, 28. Гридин, 38. Костюк, 86. Юрин, 90 – Данилюк, 40. Нивалдо, 58.
«Қайрат» (Алматы) — «Қайсар» (Қызылорда) – 2:0.
Голдар: Головской, 30. Сүймағамбетов, 58.
«Восток» (Өскемен) — «Тараз» – 2:1
Голдар: Буряк, 77. Згура, 90 – Габышев, 62-өз қақпасына.
Автор: Нұрлан Асқарұлы