Шымкенттің "Ордабасы" клубы маусым алдындағы соңғы оқу жаттығу жиынын өткізу үшін тағы да Түркияның Анталия қаласына тартып кетті. Айта кетейік, бұған дейінгі екі жиын да осы қалада өткен болатын.
Өткен жиындармен салыстырғанда аса өзгеріс жоқ. Виктор Пасульконың бастауымен "Ордабасы" жаңа маусымға дайындығын жалғастыра беретін болады.
Босфор жағалауына мына футболшылар аттанды:
Қақпашылар: Бекбаев Алмат, Нестеренко Роман, Отарбаев Самат;
Қорғаушылар: Ырысметов Фархадбек, Мвесигва Эндрю, Трайкович Александр, Жалмағамбетов Максим, Арури Мохамед, Сүйімбаев Гафуржан, Қожабаев Бақдәулет, Адырбеков Талғат;
Жартылай қорғаушылар: Бейсенов Бекзат, Иманов Қанат, Төлебек Мардан, Карпович Андрей, Касьянов Артем;
Шабуылшылар: Пахолюк Роман, Әшірбеков Қайрат, Тәжімбетов Дәуренбек, Джилас Владимир.
Бас бапкер — Пасулько Виктор Васильевич
Аға бапкер — Иксанов Тимур
Қақпашылар бапкері — Воскобойников Олег
Жиын ақпанның 19-ы мен наурыздың 1-і аралығына дейін өтеді. Осы аралықта үш-төрт жолдастық кездесу өткізу жоспарланған.
«Ордабасы» футбол клубының баспасөз қызметкері Жолдас Ілияс