Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» екі қазақстандық футболшымен мәміле жасасты

13.07.2022, 23:32
Шымкенттік клубқа қойылған трансферлік шектеу өз күшін жойды.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік «Ордабасы» 26 жастағы жартылай қорғаушы Максим Федин мен 24 жастағы жартылай қорғаушы Акмал Бақтияровты қатарына қосты.

Максим Федин – павлодарлық «Ертістің» түлегі. Ол кәсіпқой мансабын елордалық «Бәйтеректе» бастап, одан кейін бір жарым жыл бойы сербиялық «Спартак» клубында өнер көрсетті. Премьер-лигада «Атырау», «Оқжетпес», «Тобыл», «Қайсар», «Ақтөбе» және «Тұран» командаларының намысын қорғады. Ол Қазақстан чемпионатында бас-аяғы 146 кездесу өткізіп, 13 гол мен 15 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Федин «Ордабасы» сапында 11 нөмірмен өнер көрсетпек.

Акмаль Бақтияров – «Қайраттың» тәрбиеленушісі. Алматылық клубтың негізгі құрамында небәрі 4 ойынға қатысып, 1 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. 2018 жылдың күзінде ол армениялық «Арцахқа» ауысты. Ал жарты жылдан кейін «Сочимен» келісім-шартқа отырып, онда екі жыл ойнады. Өткен жылдың наурызынан шілдесіне дейін «Жетісудың» намысын қорғап, кейін Ресейдің екінші дивизионындағы «Олимп-Долгопрудный» клубына ауысты. Ол өз мансабында 71 матч өткізіп, 12 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанды.

Бақтияров шымкенттік клубта 98 нөмірмен ойнайтын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров