Хорват футболшысы Бернардо Матич шымкенттік "Ордабасыға" ауысуы мүмкін.
Матич соңғы рет отанындағы "Шибеник" ФК өнер көрсетті. Ол Хорватия чемпионатында 15 ойын өткізіп, 1 гол салған екен. Футболшы өз мансабында "Расинг", "Широки Бриег", "Загреб" және "Юнак Синь" командаларында доп тепті.
Трансфермаркет футболшыны 250 мың еуроға бағалауда.
"Ордабасы" бұған дейін 4 легионерді қатарына қосқан болатын. Атап айтқанда, Брага, Мбодж, Умаров, Абдухоликов шымкенттік ұжымның жейдесінде өнер көрсетпек ниетте.
Біздің серіктес: FONBET