Желі мен түрлі ақпараттық порталдарда «Ордабасының» Кабо-Верделік футболшысы Жоао Паулиньоның сыйақысына қатысты мәліметтер таралуда.
Біз бұл жағдайға жақын әрі клубтағы ситуацияны жақсы білетін дереккөзге сүйене отырып, былай дейміз: Жоао Паулиньо 15 миллион теңге көлеміндегі сыйақыны алмаған. Бұл қаржы соңғы тиынына дейін футболшыны Шымкентке жіберіп отырған румыниялық «Яссы» клубының қазынасын толтырған ұқсайды. Басқаша айтқанда, румыниялық команда кабо-верделік футболшының жалақысынан бөлек қарастырылған барлық табысынан келісімшарт негізінде пайда көрген. Агенттік ақшасы келісімге отырғаны үшін берілетін негізгі үстеме қаржы да кірген. Ал Жоао Паулиньо былтыр «Ордабасы» жейдесінде өткізген маусым үшін шамамен 47 миллион теңге көлемінде жалақы алды. Шымкенттегі өнері үшін алған бар ақысы осы ғана – футболшының сыйақысын басқасын қосқанда барлығы 47 миллионның ішіне кіреді.
Жалпы, биылға дейін шымкенттік клуб футболшылары бір маусымда 100 миллион теңгеге дейін табыс тауып келген. Биыл бұл сома айтарлықтай азайған көрінеді, себебі, команда үнемдеу принциптеріне сәйкес қимылдап, жалақы мәселесінде біраз қысқартуларға барған еді.
Жоао Паулиньо шымкенттік клуб жейдесінде ҚПЛ-дегі 17 матчта 2 рет мергендік танытып, бір ассисттің авторы атанған. Сондай-ақ, «Ордабасымен» Қазақстан Кубогі аясындағы 4 бәсекеде бір гол салған болатын. Футболшының нарықтық бағасы 250 мың еуро. 27 жастағы футболшының «Ордабасымен» келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET