Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» капитаны командалық жаттығуға оралды

18.09.2021, 19:22
Футболшы бүгін «Оңтүстік дербиіне» қатысуы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік «Ордабасы» клубының капитаны Еркебұлан Тұңғышбаев жарақатынан айығып, командалық жаттығуға оралды және бүгін «Тұранмен» болатын матчқа қатысуы мүмкін. Естеріңізде болса, футболшы осыдан үш ай бұрын қатардан шығып қалған еді.

Айта кетейік, Тұңғышбаев соңғы рет 22 маусым күні «Астанаға» қарсы матчта алаңға шыққан болатын. Жартылай қорғаушы жарақаттың салдарынан 10 матчқа қатыса алмады.

«Тұран» мен «Ордабасы» арасындағы «Оңтүстік дербиі» бүгін 18 қыркүйек күні 20:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров