Серый Cardinal телеграм-арнасы “Ордабасының” жаңа бапкері қызметіне Константин Горовенко келуі мүмкін дейді.
Константин Горовенко қазірде Қазақстан құрамасын жаттықтыруда. ҚФФ тарапынан оған қашанда үлкен қолдау бар. Бұл маманмен “Ордабасы” чемпиондыққа таласуы ғажап емес.
Александр Седнев командадағы қызметінен “Шахтерге” қарсы ішкі чемпионат кездесуінен кейін түбегейлі кетеді.
Еске салсақ, белорус бапкері “Ордабасыда” 2021 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Александр маманның баптауында шымкенттік ұжым өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атағына ие болды. Қазақстанда оңтүстік клубынан бөлек, Седнев “Ақтөбені” жаттықтырды.
Біздің серіктес: FONBET