Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» клубы өз түлегін қайта шақырып алды

12.07.2025, 16:39

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов шымкенттік «Ордабасы» клубының ойыншысы атанды.

Жарнама
Жарнама

Келісімшарттың жасалғаны туралы ресми ақпарат «Ордабасы» клубының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып, футболшыны «үйге оралуымен» құттықтады. Эльхан Астанов осы клубтың түлегі. Ол 2023 жылдан бері елордалық «Астана» клубының намысын қорғап келген болатын.

Астанов - Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Cондай-ақ жастар құрамасында да өнер көрсеткен.

Айта кетейік, «Ордабасы» келесі ойынында дәл осы «Астана» командасын қабылдайды. Премьер-лиганың 16-турындағы кездесу 13 шілде күні өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: