Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» клубының президенті қызметінен кетеді

10.02.2022, 02:42
Алдағы дүйсенбі күні шымкенттік клубта өзгерістер болады деп күтілуде.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» клубының басшылығында кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін, деп хабарлайды СпортРадар.kz телеграм арнасы.

«Александр Седнев әлі күнге дейін Шымкентте жүр, бірақ ол «Ордабасы» клубындағы жұмысын жалғастыруға келісімін берген жоқ. Беларусь маманы өз үйіне қайтуға да асықпауда. Өйткені, ол «Ордабасыда» дүйсенбі күні кадрлық өзгерістер болады деп күтіп отыр.

Мендегі мәліметке қарағанда, дәл осы күні, яғни 14 ақпанда шымкенттік клубқа жаңа басшы тағайындалып, Бақтияр Байсейітов қызметінен кетеді. Седневтің күткені де осы», - деп жазылған дереккөздің хабарламасында.

Естеріңізде болса, бұған дейін шымкенттік клуб қарыздарды жабу процесін бастаған болатын. Қазір командада қалған ойыншылар Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров