Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы «Мақтааралға» ауысты

09.03.2021, 18:30
Былтыр Премьер-лигада небәрі бір матчқа қатысты.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасының" 20 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Максим Ваганов "Мақтаарал" командасына жалға берілді, деп хабарлайды Айдын Қожахмет.

Премьер-лиганың өткен маусымында ол алаңға бір-ақ рет шықты, сондықтан ойын практикасын алу үшін Бірінші лига клубына ауысты.

Максим Ваганов - "Ордабасы" клубының тәрбиеленушісі. "Ордабасының" жастар командасында 45 ойын өткізіп, 16 гол соққан. Ал негізгі команда үшін 4 матчқа қатысып, 1 гол соқты. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров