Конференция Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінен ұшып кеткен ұжым қатысқаны үшін ақша алмақ.
Еске салсақ, “Ордабасы” клубы Конференция Лигасының 1 іріктеу кезеңінде грузиялық “Торпедо” Кутаисимен кездесіп, қос матч қорытындысы бойынша 4:5 есебімен есе жіберген болатын. Соған қарамастан, Шымкент ұжымы Еурокубоктің квалификациясына қатысқаны үшін 325 мың (207 млн) еуро алады.
Барып қайтқан шығынын ақтапты
“Ордабасы” командасы Конференция Лигасы аясында Кутаисиге барып келгеніне 28 млн теңге жаратты деген ақпарат бар. Ол шығындарға команданың жататын қонақ үйі, ұшақпен ұшып-қонуы және тағы басқалары кірді.
Айта кетейік, биыл “Ордабасы” өткен жылмен салыстырғанда Еурокубоктік турнирлерден аз пайда тапты. 2024/25 жылғы маусымды еліміздің чемпионы ретінде бастаған команда “Петрокубтан” ұшқаны үшін 260 мың еуро, үш раундта өнер көрсеткені үшін 175 мың еуродан және Конференция Лигасының 3 кезеңінен шығып қалғаны салдарынан 550 мың еуро алды. Барлығын есептегенде, “Ордабасы” - 1 млн 335 мың еуро пайда тапты (шамамен 650 млн теңге).
Біздің серіктес: FONBET