“Ордабасы” командасы “Дифферданждан” айласын асыра алмады

Шымкенттік клуб Конференция Лигасы аясында Люксембургке қонаққа барып, “Дифферданж” ұжымынан 1:0 есебімен ұтылды. 

Сыйымдылығы 3500 адамды құрайтын “Парк де Спорт” стадионында өткен ойындағы жалғыз голды 38 минутта “Дифферданж” ойыншысы Жуниньо соқты. Матчтың бітер тұсында 28 жастағы ойыншының орнын басқан шабуылшы Андреас Бух Игнатович қорғаған қақпаға қауіпті соққы жасады. Абырой болғанда доп жасыл алаңның қыртыс жеріне тиіп, бағытын өзгертті. Сөйтіп соққы қиыс ұшты. Қорытынды есеп: 1:0 “Дифферданж” пайдасына шешілді. 

“Ордабасы” Дифферданжға” қарсы қарымта ойынды 1 тамыз күні өткізеді. Егерде Седнев шәкірттері өз алаңында жеңіске жетпесе, онда “Ақтөбенің” артынан Еурокубоктік турнирлермен біржолата қоштасады. 

Материалда: