Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» Конференция лигасымен қоштасты

17.07.2025, 22:52

Шымкент қаласында Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты ойыны өтті. 

Жарнама
Жарнама

Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында жергілікті «Ордабасы» грузиялық «Торпедо» (Кутаиси) командасын қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Алайда екі матчтың қорытындысы бойынша (4:5), қазақстандық команда турнирден шығып қалды.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ шымкенттік ұжым шабуылдап, бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. Дегенмен есепті қонақтар ашты. 13-минутта Ираклий Бидзинашвили алыстан бағыттаған соққысымен қонақтарды алға шығарды.

Екінші тайм басында грузиялық қорғаушы Соломон Кверквелия екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осы жағдайдан кейін «Торпедо» толықтай қорғанысқа көшіп, ойын соңына дейін есепті сақтап қалуға тырысты.

Ойынның қосымша уақытында, 90+6-минутта «Ордабасы» сапынан Абылайхан Жұмабек таразы басын теңестіргенімен, бұл нәтиже отандық команданың келесі кезеңге өтуіне жеткіліксіз болды.


«Ордабасы» (Қазақстан) — «Торпедо» (Грузия) 1:1 (0:1)
Голдар: Бидзинашвили 13 (0:1), Жұмабек 90+6 (1:1)
Қызыл қағаз: Кверквелия (49-минут, екінші сары)

Бірінші ойын: 3:4

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: