Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» Конференция лигасының топтық кезеңіне шығатынына сенімді. Тіпті, клуб басшылығы одан түсетін қаржыны алдын-ала бөліп те қойған

23.05.2025, 10:52

«Ордабасы» клубының бас директоры Асхат Сейсембек команданың еуромаусымға жоспарымен бөлісіп, ой-пікірін айтты.

"Ордабасы" ФК футболшылары жаттығу барысын
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік ұжым былтыр ҚПЛ-ді төртінші орынмен аяқтап, Конференция лигасының іріктеуінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Андрей Мартиннің командасы еурожорық компаниясын бірінші кезеңнен бастайды. «Ордабасыдан» бөлек тағы ЧЛ-да «Қайрат», ЕЛ-да «Ақтөбе» және КЛ-да «Астана» ел намысын қорғайды.   

«Егер еурокубоктардың топтық кезеңіне шықсақ, ең алдымен – қаржы жағынан бүкіл маусымға қажетті мәселелерді жауып, материалдық-техникалық базамызды нығайтамыз. Одан кейін қаланың өзінде қалатындай падалы бірдеңені жасаймыз. Бұл қосымша ұпай әкеледі - клубқа да, федерация рейтингіне де, елімізге де пайдасы зор болмақ», - деді А. Сейсембек «Күнгей.кз» YouTube-арнасына берген сұқбатында.

«Ордабасы» ҚПЛ-2025-тің 9 турынан кейін 14 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасқан. Ертең шымкенттік команда 10-тур аясында жезқазғанның «Ұлытауын» қабылдайды.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров