«Ордабасы» футбол клубы 20 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Никита Шершнёвпен келісім-шартқа отырды.
Никита «Краснодар» клубының тәрбиеленушісі болып табылады. 2017 жылдан бері «Краснодар-3» командасында ойнап, екі жылдан соң ресейлік клубтың жастары құрамында негізгі ойыншыға айналды.
Өткен маусымды ол ФНЛ-дың - «Машук-КМВ» клубында өткізді. Шершнёв Ресейдің жасөспірімдер және жастар құрамаларына шақырту алған.
Біздің серіктес: FONBET