Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» Май Махлангумен қош айтысты

01.06.2021, 22:27
Футболшы жарақатына байланысты бұл маусымда көп ойынға қатысқан жоқ.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» мен Май Махлангу екі жақты мәміле бойынша еңбек келісім-шартын бұзды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Клуб басшылығы Махлангумен кездескеннен кейін отбасылық жағдайларға байланысты қос тарап шешімімен келісім-шарт бұзылды.

Естеріңізге сала кетейік, Махлангу шымкенттік клубтың маусымаралық оқу-жаттығу жиынына қатыса алмаған болатын. Наурыздың соңында командаға келіп қосылған футболшы көп ұзамай жарақат алып, содан бері жасыл алаңға шыға алмады.

Оңтүстікафрикалық жартылай қорғаушы Май Махлангу «Ордабасыға» 2019 жылы болгариялық «Лудогорецтен» ауысып келген еді. 32 жасар ойыншы шымкенттік клуб сапында 60 ойын өткізіп, 4 гол соққан және 2 нәтижелі пастың авторы атанған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров