Жарнама
Жарнама

“Ордабасы” мен “Астананың” еурокубоктегі кезекті кездесулерін кімдер басқарады?

УЕФА қазақстандық командалардың қатысуымен болатын ойындардың төрешілерін тағайындады.

Жарнама
Жарнама

“Пюник” - “Ордабасы”

Бас төреші: Мигел Ногейра

Көмекшілер: Бруну Алвеш Жезуш және Паулу Браш

Төртінші төреші:  Бруну Виейра

VAR: Катарина Кампуш

VAR көмекшісі: Угу Мигел (барлығы - Португалия)

Армениялық команда мен қазақстандық ұжым арасындағы қарымта ойынды 15 тамыз күні сағат 21:00-де тамашалай аласыздар. Еске салсақ, алғашқы ойында “Ордабасы” Алматыдағы Орталық стадионда “Пюникке” минималды есеппен есе жіберген болатын.

“Астана” - “Корвинул”

Бас төреші: Атиллы Караоглан

Көмекшілері: Джейхун Сесигюзел және Абдулла Эзкара

Төртінші төреші: Чагдаш Алтай

VAR: Эркан Энгин

VAR көмекшісі: Онур Озютопрак

Қарымта ойын 14 тамыз күні Алматыда өтетін  болады. Негізі әуел-баста кездесу 15 тамызға жоспарланған болатын. Алайда сол күні төтенше қызметкерлері стадионда арнайы іс-шара өткізгендіктен, матч бір күнге бері шегерілді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров