Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» мен «Атырау» ойыншысы матчтан шеттетілді

07.04.2022, 20:13
Қос ойыншы да төртінші турда қызыл қағаз алған болатын.
Жарнама
Жарнама

2022 жылғы 6 сәуірде ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

«Каспий» - «Ордабасы»

Қарсыласын гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Ордабасы» командасының ойыншысы Евгений Чаговец бір матчқа қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап есептеледі.

«Тараз» – «Атырау»

Қарсыласқа қарсы өрескел ойын тәртібін бұзғаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Атырау» командасының ойыншысы Амандық Нәбиханов екі кездесуге қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап күшіне енді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров