Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» мен «Каспий» тең ойнады

28.09.2021, 02:02
Шымкенттік клуб екінші матч қатарынан тең ойнады.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында "Каспиймен" күш сынасты. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Матчтың 28-минутында алаң иелері алға шықты. Сағадат Тұрсынбайдың пасынан кейін Дмитрий Хлёбас айып алаңның сыртынан соққы жасап көрген еді, доп қарсыластың аяғына тиіп, голға айналды. Бұл украиналық шабуылшының "Ордабасы" сапындағы дебюттік голы. Ақтаулық клуб көп ұзамай таразы басын теңестірді. 32-минутта Аслан Дарабаев қақпаны дәл көздеп, командасына бір ұпай тарту етті.

Қатарынан екінші матчта тең ойнаған шымкенттік клуб 32 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді. 28 ұпайы бар "Каспий" екі саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров