Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» мен «Шахтер» ұпай бөлісті

30.05.2021, 00:50
Жоао Пауло пенальтиден гол соға алмай, командасын екі ұпайдан айырды.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші турында қарағандылық "Шахтермен" кездесті. Матч Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Ойынның алғашқы таймында қос команда да нақты гол соғатын мүмкіндіктер жасай алмады. 57-минутта "Шахтер" қақпасына пенальти белгіленді. Жоао Паулоның тепкен добын Игорь Шацкий қайтарып, командасына бір ұпай сыйлады.

Кезекті рет бір ұпайға қол жеткізген шымкенттік клуб 18 ұпаймен тоғызыншы орынға сырғыды. "Шахтер" 9 ұпаймен он үшінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров