Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» мен «Тобыл» тең тарқасты

16.05.2021, 00:00
Шымкенттік клуб он адаммен жүріп-ақ гол соқты.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші туры аясында қостанайлық "Тобылмен" кездесті. Матч Шымкенттегі "БИІК" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы гол 67-минутта соғылды. "Тобылдың" франциялық легионері Жереми Монзорроның айып алаңына асырған пасы Самат Жарынбетовтің аяғына дөп түсті. Ал Самат қақпаны көздеуде еш қателеспеді. Ал 79-минутта "Ордабасы" клубының қорғаушысы Александр Клещенко қызыл қағаз алды. Бірақ матчтың аяқталуына үш минут қалғанда Еркебұлан Тұңғышбаев қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланып, командасына бір ұпай сыйлады.

Бір ұпайды қанағат еткен шымкенттік клуб 15 ұпаймен жетінші орынын сақтап қалды. "Тобыл" 22 ұпаймен екінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров