Жарнама
Жарнама

“Ордабасы” “МЮ” тас-талқанын шығарды

Шымкенттік команданы ОЖЖ кездесулерінде жеңу шетел ұжымдарына қиынға соғуда.

Жарнама
Жарнама

23 қаңтардан бері Түркияда маусым алдындағы дайындығын пысықтап жатқан "Ордабасы" бүгін қырғызстандық "Мурас Юнайтедті" 4:0 есебімен тізе бүктірді. Матч барысында Андрей Мартин баптауындағы ұжым сапынан Эльхан Астанов, Димитар Митков, Мағжан Тоқтыбай және QJ League турнирінің 2024 жылғы үздіктерінің бірі Бақдәулет Нұралы нәтижелі әрекетімен көзге түсті. 

Айта кетейік, қысқы трансферлік ауысымда “Лудогорец”, “Локомотив” София, “Рубин” секілді командаларында доп тепкен болгар Димитар Митков 3 матч қатарынан сұрмергендігімен көзге түсті. Бұған дейін 2000 жылғы шабуылшы “Алашкерт” және “Андижан”ойындарында допты торға тоғытты.

"Ордабасы" командасы Түркиядағы ОЖЖ бірде-бір кездесінде әлі жеңіліс таппады. Шымкент ұжымы “Семтември” (2:1), “Шкендия” (1:1), “Балтика” (1:1), “Алашкерт” (2:1), “Андижан” (3:1) және “Мурас Юнайтедпен” (4:0) болған ойындарын оң нәтижемен аяқтады.  

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: