Шымкенттік “Ордабасының” бас бапкері Андрей Мартин Moldfootball.com порталына берген сұхбатында клубтың трансферлік жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкердің айтуынша, команда өткен маусымда көз тіккен Молдовалық ойыншы Теодор Лунгуды өз қатарына қосуға әлі де мүдделі.
Трансферге не кедергі болды?
30 жастағы Лунгуға деген қызығушылық өткен жылы басталған болатын. Алайда ол кезде футболшының “Петрокуб” клубымен жарамды келісімшарты болып, трансфер жүзеге аспай қалды. Қазір жағдай басқаша – Лунгу еркін агент мәртебесін алып, кез келген ұжымға тегін ауысу мүмкіндігіне ие.
“Иә, мен жақында ғана Теодормен сөйлесіп, оған қызығушылығымызды тағы да білдірдім. Сондай-ақ клубтың спорттық директорымен де ақылдастым. Оның да Лунгуға қатысты пікірі оң. Бапкерлік ұжым да, басшылық та бұл ауысуды қолдап отыр.” – дейді Андрей Мартин.
Таңдау футболшының еншісінде
Бас бапкердің айтуынша, Лунгуға тек Қазақстандық клуб емес, өзге де командалардан ұсыныстар түсіп жатыр. Сондықтан трансфердің сәтті болуы ойыншының шешіміне тікелей байланысты. Андрей Мартин футболшыға “Ордабасыға” ауысудың артықшылықтарын түсіндіріп, оны жобаға тартуға тырысып жатқанын жеткізді.
Басқа Молдовалықтар келе ме?
Андрей Мартин қазіргі таңда Молдова чемпионатынан Лунгудан басқа ешкімді қарастырып жатпағанын айтты. Себебі бізді қызықтыруы мүмкін мықты ойыншылардың барлығы дерлік өз клубтарымен келісімшартта отыр және олардың командалары чемпиондыққа таласып жатыр.
Молдованың 2025 жылғы үздіктері
Сұхбат барысында бапкер 2025 жылдың қорытындысы бойынша Молдованың үздік ойыншыларын да атады.
Олар:
Айта кетейік, SofaScore рейтингі бойынша Лунгу Молдова чемпионатының бірінші кезеңінде ең жоғары ұпай жинаған үздік екі ойыншының бірі болды.
Бұл оның бабында екенін және “Ордабасы” үшін деңгейі жоғары күшейту болатынын дәлелдейді.
Біздің серіктес: FONBET