Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» ойыншылары әуежайдан ұша алмай қалды

17.05.2025, 22:44

«Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы матч кейінге шегерілуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, команда Түркістан қаласынан Қостанайға ауа райының қолайсыздығына байланысты ұша алмай отыр.

Осыған байланысты, Қазақстан Премьер-лигасының 9-тур аясындағы «Тобыл» – «Ордабасы» арасындағы матчтың кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылды. Қазіргі таңда клуб пен әуекомпания тарапынан ресми құжаттар күтілуде.

Матчтың жаңа уақыты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімімен қосымша жарияланатын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: