Қазақстан Премьер-Лигасының басталуына да санаулы күндер қалды.
Қазіргі уақытта клубтар маусымның басталуына сақадай сай болуы үшін құрамдарының 80-90% дайындығын пысықтауда. Осы орайда кім қалай күшейді соған баға беріп көрейік.
Ең алдымен ел чемпиондары “Ордабасы” клубына баға беріп өтейік.
Шымкенттік клубта басқа клубтармен салыстырғанда өзгерістер көп орын алмады, 27-жасар Ауроның орнына жасы 30-дан асқан Режиналдо келді Бразилияның Сериа Б топтамасында өнер көрсетті деген атағы болмаса Ауроның орнын толыққанды басады дегенге сену қиын. Орталық қорғанысты мығым ұстаған 31 жастағы қара маржан Мбодждың орнына 34-ке келіп қалған Украина елінің өкілі Игор Пластун келді, “Гент”, “Лудогорец” европада опыты көп ойыншы деп айтсақ қателеспейміз бірақ жасарын жасап асарын асып тастаған ойыншы. Ортаңғы шепте Матичтің орнын 28-жастағы Ловро Цвек басты, жалпы айтқанда әзірге “Ордабасы” сапындағы үздік трансфер деп айтсақ қателеспейміз. Ловро Цвек өз еліңде “ЧФР” клубының ең үздік жартылай қорғаушысы ретінде танылған. Қорғаныстың сол қапталын “Партизан” клубынан ауысып келген Златан Шехович басты, жалпы бұл трансферге баға беру қиындау себебі “Партизан” клубының бастапқы құрамына көп шыға бермеген, бірақ әлбетте жас ойыншы өзін-өзі көрсету керек. Шайзадаға бәсекелестікті көтеру үшін Хорватия жастар құрамасының ойыншысы Карло Сентич шақыртылды, бұл ойыншының ойынына алдағы уақытта баға береміз, себебі Шайзада әзірге #1 ешкімге беретін ойы жоқ.
Шабуыл шепте өзін толыққанды көрсете алмаған Бобур Абдухолиқовтың орнына өзінің жерлесі Жасурбек Яхшибоев келді. “Реал” қақпасына гол салған ҚПЛ тарихындағы алғаш ойыншы әзірге ойыны шикілеу. Жалпы айтқанда “Ордабасы” клубы Чемпиондар Лигасында бірталай межеден өтуді жоспарласа команда құрамсын сапалы легионерлермен толықтыруы қажет, әзірге келген ойыншылардың ойыны үмітті ақтаудан ауылы алыстау. Беседин, Садовскилердің орнына сапалы шабуылшылар келеді деген үміттеміз себебі еврокубоктер бұл басқа деңгей.
Жалғасы бар…
Тайланов Қазбек арнайы aladop.kz порталы үшін.
Біздің серіктес: FONBET