«Ордабасы» оңбай ұтылды

31.01.2023, 02:03


Шымкенттік ұжым алғашқы жолдастық кездесуінде босниялық "Тузла Сити" командасынан ірі есеппен тізе бүкті.  

Белектегі матч 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық клубтан жалғыз голды Максим Федин өз атына жазған болатын. 

Еске салайық, "Ордабасы" ҚПЛ өткен маусымында бесінші орын алып еді. 

Футбол мамандары шымкенттік ұжым келер маусымда үздіктер қатарынан табылады деп топшылауда. Олардың қатарында үйреншікті "Астана" мен "Ақтөбе" және көпке жаңалық болып отырған "Каспиде" бар.