Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» өз алаңында «Атыраудан» басым түсті

17.10.2021, 01:59
Шымкенттік клуб жеңіліп жатып, үш ұпай еншіледі.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында "Ордабасы" мен "Атырау" өзара мықтыны анықтады. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Екінші тайм бастала салысымен "мұнайшылар" алға шықты. Петр Гжельчактың пасынан кейін Аллеф бос қақпаны дәл көздеді. Бұл бразилиялық шабуылшының Премьер-лигадағы алғашқы голы. 57-минутта Эльхан Астанов алыс тоғыздыққа тамаша соққы жасап, таразы басын теңестірді. Ал 74-минутта Абдуллай Диакате командасына жеңіс сыйлады.

Үш ұпайды қоржынға салған шымкенттік ұжым бесінші орынын сақтап қалды (35 ұпай). "Атырау" 27 ұпаймен оныншы орыннан тапжылмады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров