Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турында «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдады. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Бірінші таймда қонақтардың қорғаушысы Егор Ткаченко өз айып алаңында қолмен ойнағаннан кейін 11 метрлік айып добы белгіленді. Оны 11-минутта Эльхан Астанов мүлтіксіз пайдаланды. Дегенмен 31-минутта алматылық Артур Шушеначев таразы басын теңестірді. Ал 52-минутта «Ордабасының» сұрмергені, франциялық Серж Ньюадзи командасын алға шығарды – 2:1. Содан кейін 76-минутта «Қайрат» сапындағы португалиялық Рикардо Алвеш тепкен пенальтиді «Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзада қайтарып, алматылықтардың есепті теңестіруіне мүмкіндік берген жоқ.
Қазақстан Премьер-лигасы, 8-тур
«Ордабасы» – «Қайрат» – 2:1
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) (к) –Максим Ваганов (Самат Шәмші 81), Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажидов, Әдлхан Добай – Секу Думбия (Никита Шершнёв 81), Виктор Брага – Эльхан Астанов, Серж Ньюадзи (Зикрилло Сұлтаниязов 90+2), Луис Гедеш (Всеволод Садовский 70);
«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Еркебұлан Сейдахмет, Егор Ткаченко (Вячеслав Швырёв 84), Виктор Васин, Дамир Қасаболат, Сұлтанбек Астанов – Антон Крачковский, Андрей Ульшин (Данияр Үсенов 70), Рикарду Алвеш (К) – Жоао Пауло, Артур Шушеначев;
Біздің серіктес: FONBET