Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» өзбекстандық футболшымен толығады

04.07.2022, 21:48
Футболшы БАТЭ клубының бас бапкерімен жанжалдасып қалған екен.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік «Ордабасы» БАТЭ клубының 23 жастағы жартылай қорғаушысы Шохбоз Умаровты қатарға қоспақ, деп хабарлайды «Ухо» телеграм арнасы.

Дереккөздің айтуынша, өзбекстандық ойыншы осы маусымның соңына дейін «Ордабасыда» жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек.

Умаров - «Пахтакор» командасының түлегі. Ол футболдағы кәсіби мансабын өзбекстандық АГМК клубында бастады.

2020 жылдың ақпан айында ол еркін агент ретінде «Энергетик-БГУ» командасымен келісім-шартқа отырып, Беларусь еліне қоныс аударды. Сол жылдың жазында БАТЭ оны 18 000 еуроға сатып алып, ойыншыны бірден «Энергетик-БГУ-ға» жалға берді.

БАТЭ-ге қайта оралған Шобхоз 2021 жылғы Беларусь чемпионатындағы ең үздік ойыншылардың бірі атанды. Сол маусымда Умаров 36 матч өткізіп, 6 гол мен 9 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Алайда биылғы жылдың басында Умаров БАТЭ клубының бас бапкері Александр Михайловпен жанжалдасып қалды. Сондықтан футболшы осы маусымда Беларусь Премьер-лигасында бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.

Тағы бір айта кетерлігі, Умаров Өзбекстан құрамасында 3 кездесу өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров