Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» Премьер-лиганың жаңа маусымына қатысуы мүмкін

30.01.2022, 16:10
Қарыздарын өтей бастаған шымкенттік клуб ҚФФ-на зат жолдады.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» салық берешегін өтеу процессін бастады, деп хабарлайды шымкенттік клубтың баспасөз қызметі.

«Ордабасы» футбол клубының қазіргі таңда салық төлемегені үшін әкімшілік айыппұлы бар, сол себепті ұйымның шоттары бұғатталған болатын. Бірақ қазір бұл тыйым алынып тасталды. Клуб басшылығы қызметкерлерге де берілуі тиіс жалақыны төлей бастады.

Сондай-ақ «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Футбол Федерациясының Лицензиялау (сертификаттау) департаментіне, тиісті сот құжаттарын бере отырып, Премьер-лига клубтары арасындағы ҚР Чемпионатына қатысу үшін лицензиялау (сертификаттау) рәсімінен одан әрі өтуге рұқсат беру туралы өтініш жолдады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров