Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» Қазақстан құрамасының қорғаушысын қатарға қосты

28.02.2021, 20:57
Темірлан шымкенттік клуб сапында 2016-2019 жылдар аралығында ойнаған.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» футбол клубы Қазақстан құрамасының негізгі қорғаушысы Темірлан Ерлановпен келісім-шартқа отырды.

Темірлан Ерлановтың кәсіби мансабындағы алғашқы клубы өскемендік «Восток» болған. 2016 жылы ол шымкенттік «Ордабасыға» ауысып, команда сапында 80 ойынға қатысып, 10 гол соққан. 2020 жылғы маусымда қостанайлық «Тобыл» жейдесінде 17 ойын өткізген. Премьер-лигада барлығы 94 ойынға қатысып, 8 гол соққан.

Сонымен қатар Темірлан Еуропа Лигасының 7 ойынына қатысып, 2 гол соғып үлгерген. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 9 ойын өткізіп, 1 голды өз еншісіне жазды. Қазақстан чемпионатының күміс («Тобыл», 2020) және қола («Ордабасы», 2017) жүлдегері атанған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров