«Ордабасы» ганалық жартылай қорғаушы Рашид Абубакармен қоштасты.
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы 25 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Рашид Абубакардың командадан кеткенін ресми түрде хабарлады. Клубтың мәліметінше, футболшы мен клуб екіжақты келісім негізінде еңбек келісімшартын тоқтатқан.
Абубакар «Ордабасы» сапына биылғы қыста қосылған болатын. Ол Премьер-лигада шымкенттік клуб үшін 9 матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET