«Ордабасы» сырт алаңда «Астанадан» басым түсті

23.06.2021, 02:08
Елордалық клуб осы маусымда алғаш рет жеңілістің дәмін татты.

"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының он жетінші туры аясында "Ордабасымен" кездесті. Матч "Астана Аренада" өтіп, 0:2 есебімен шымкенттік клуб жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы минутында "Астана" матч тағдырын шешіп тастауы мүмкін еді. Бірақ өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Ал ойынның 22-минутында Сағадат Тұрсынбайдың керемет пасынан кейін Бағдат Қайыров есеп ашты. Екі минут өткеннен кейін Жоао Пауло осы маусымдағы кезекті голын соқты. Екінші тайм толық алаң иелерінің бақылауымен өтсе де, "Астанаға" гол соғу бақыты бұйырмады.

Осы маусымда алғаш рет жеңілген елордалық клуб турнирлік кестеде 38 ұпаймен көш басында қала берді. Ал "Ордабасы" 24 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.