«Атырау» Қвзақстан кубогі топтық кезеңнің үшінші турында «Ордабасыны» қабылдады. Матч Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өтіп, 1:4 есебімен аяқталды.
Ойынның 43-минутында Луиш Гедеш «Ордабасыны» алға шығарды. Екі минуттан кейін Эльхан Астанов алыстан тамаша соққы бағыттап, есепті еселеді. 73-минутта Максим Федин баспен гол соқты. 89-минутта Муроджон Халматов кездесудің нүктесін қойғандай болып еді, 96-минутта Андрия Филипович тікелей айып добынан командасының жұбаныш голын соқты.
«Атырау» – «Ордабасы» – 1:4
«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов, Равиль Ибрагимов, Матеус Бисси, Павел Барановский, Амандық Нәбиханов – Домантас Антанавичюс, Тодор Петрович – Дмитрий Плетнёв, Денис Митрофанов, Павел Долгов;
«Ордабасы»: Тимурбек Закиров (қ) – Әділхан Добай, Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажитов, Акмаль Бахтияров – Александр Батищев, Самат Шәмші (к) – Эльхан Астанов, Максим Федин, Луис Гедеш;
Біздің серіктес: FONBET