Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» ЦСКА клубының экс-шабуылшысын сатып алудан бас тартты

01.02.2021, 02:24
Соңғы бір жылда бірде-бір ойынға қатыспаған көрінеді.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік "Ордабасы" командасына әйгілі шабуылшы Сейду Думбияның қызметі ұсынылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Ресейлік ЦСКА мен италиялық "Рома" клубында өнер көрсеткен 33 жастағы шабуылшы Қазақстан клубтарының ұсыныстарын қарастыруға дайын болған екен. Оның қызметі "Ордабасыға" ұсынылды, бірақ шымкенттік клубтың басшылары оның ойын тәжірибесінің (соңғы бір жыл бойы алаңға шықпады) болмауына байланысты футболшыны сатып алу иядеясынан бас тартты.

Думбия 2020 жылдың наурызында швейцариялық "Сьон" клубымен келісімшартын үзген болатын. 2021 жылы қаңтарда ол "Хамрун Спартанс" клубының ойыншысы атанды.

ЦСКА мен "Ромадан" бөлек, Кот-д’Ивуарлық шабуылшы "Янг Бойз", "Базель" (екеуі де Швейцария), "Ньюкасл Юнайтед" (Англия), "Спортинг Лиссабон" (Португалия) және "Жирона" (Испания) сияқты клубтарда доп тепті. Думбия Кот-д'Ивуар құрамасында 37 ойын өткізіп, 9 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров