Шымкенттік "Ордабасы" бүгін Түркиядағы ОЖЖ аясында соңғы жаттығуын өткізді. Команда ертең Қазақстанға қайта оралып, жаңа маусымға дайындығын пысықтайтын болады. Айта кетейік "Ордабасы" Премьер-лиганың алғашқы турында "Қызыл-Жар" клубын қабылдайтын болады (14 наурыз).
Александр Седнев шәкірттері ОЖЖ барысында 6 кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті, бір ойында жеңіліске ұшырады:
"Ордабасы" 3:0 "Ротор"
"Ордабасы" 1:0 "Агробизнес"
"Ордабасы" 1:2 "Динамо Мәскеу"
"Ордабасы" 4:2 "Динамо Батуми"
"Ордабасы" 5:2 "Алания"
"Ордабасы" 2:1 "Навбахор"
Біздің серіктес: FONBET