Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» украиналық қорғаушымен қоштасты

15.07.2022, 16:57
Футболшы шымкенттік клуб сапында небәрі 5 матч өткізді.
Жарнама
Жарнама

24 жастағы украиналық қорғаушы Евгений Чаговец «Ордабасыдан» кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Футболшы шымкенттік клубқа осы жылдың наурыз айында қосылған еді. Содан бері «Ордабасы» сапында 5 кездесу өткізіп, 1 сары қағаз және 1 қызыл қағаз алды.

«Ордабасы» күні кеше қазақстандық жартылай қорғаушылар Акмаль Бахтияров және Максим Фединмен, сондай-ақ өзбекстандық футболшы Шобхоз Умаровпен келісім-шартқа отырған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров