Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» үш шетелдік футболшымен толықты

05.03.2022, 13:14
Шымкенттік клуб бүгін «Мақтааралмен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» футбол клубы үш шетелдік футболшымен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Бразилиялық жартылай қорғаушы Виктор Брага «Санта Круз» клубының түлегі болып табылады. 20 жастағы футболшы өткен маусымда «Сантос» және «Лондрина» клубтарында өнер көрсетті.

Украиналық қорғаушы Александр Батищев «Заря Луганск» клубының тәрбиеленушісі. 30 жастағы ойыншы өз елінде «Сталь», «Заря», «Шахтёр» (Донецк) клубтарында ойнаған, кейін белоруссиялыө «Белшина», «Дняпро» және «Гомельде» доп тепті. Кәсіби мансабында 246 ойын өткізіп, 8 гол соққан, 25 нәтижелі пасы бар.

Өзбекстандық қорғаушы Одил Абдумажидов өткен маусымда «Металлург» командасының намысын қорғап, ел чемпионатындағы дебютін жасады. 20 жастағы футболшы содан бері 26 матч өткізіп үлгерді. 14 жасынан бастап құрама табалдырығын аттаған. Өзбекстан жастар құрамасының ойыншысы болып табылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров