Бізге жеткен инсайдтарға сәйкес сөйлейтін болсақ, "Ордабасы" футбол клубы Андрей Мартинмен келісімге келген.
“Ордабасы” молдовалық бапкер үшін "Петрокуб" командасына трансферлік қаржыны да аударып қойғанға ұқсайды. Ал шымкенттік клубта бұл бапкер айына 25 мың АҚШ доллары көлемінде жалақы алатын болады. Өздеріңіз білдетіндей осыған дейін Александр Седнев 20 мың АҚШ долларын алған еді.
Айта кетуіміз керек, "Петрокуб" командасы қазір Конференция лигасында өнер көрсетіп жатыр. 12-желтоқсан күні олар өз алаңында "Бетисті" қабылдайды. Енді Молдова клубы Андрей Мартиннің орнына жаңа бапкер іздейтін шығар.
Біздің серіктес: FONBET