Шымкенттің "Ордабасы" командасының жанкүйерлері клубтағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, президент Асхат Сейсембекпен кездесу өткізуді қалауда.
ASnews.kz тілшісінің хабарлауынша, фанаттар қазіргі клуб басшылығы мен бапкерлік құрамның жұмыстан кетуін сұрауға ниетті. Олардың бұл талабына себеп — биылғы маусымдағы команданың көңіл көншітпейтін нәтижелері.
Қазіргі таңда "Ордабасы” Қазақстан Премьер лигасының 25 турынан кейін турнир кестесінде жетінші орында тұр. Бұған қоса, команда жуырда өткен Қазақстан Кубогының финалында "Тобылдан” жеңіліп, жанкүйерлердің наразылығын одан әрі күшейткен.
Біздің серіктес: FONBET