Қазақстан құрамасының қорғаушысын мансабын Шымкентте жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
AmanVibe телеграм арнасының мәліметі бойынша "Ордабасы” клубы Астаналық “Жеңістің” 25 жастағы Сағи Советті қатарларына қосуға ниетті.
Сағи өткен маусымда елордалық клубтың жейдесінде 22 ойын өткізіп, Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған болатын.
Әзірге ол мансабында “Жеңістен” бөлек “Астана”, “Арыс”, “Мақтаарал”, “Оқжетпес” клубтарының намысын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET