Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» - «Жетісу» кездесуіне болжам

19.04.2025, 14:55

Қос клубқа да аса маңызды матч.

«Ордабасы» - «Жетісу» кездесуіне болжам
Самат Смақов
Жарнама
Жарнама

Шымкенттіктер де, Самат Смақовтың «Жетісуы» да әзірге жеңіске жетіп көрген жоқ. Шымкенттік ұжым жаңа маусымдағы алғашқы жеңісті нәтижені өткенде Кубоктік кездесуде тіркеген. Әйтпесе, Андрей Мартин баптайтын «Ордабасы» бар жоғы екі-ақ ұпаймен көш соңында ілбіп келеді. Десе де, көпшілік сол «Хан-Тәңірінің» алаңындағы 2:0 молдовалық маманның шәкірттерін серпілтіп тастайды деп есептейді және «Ордабасы» ендігіде жеңісті жолға түсуі тиіс. 

Сондай-ақ, шымкенттік команда үшін ҚПЛ-2025-тің алғашқы турларында кілең фавориттер жолыққанын да естен шығармау керек. Ал команда капитаны Асхат Тағыбергеннің айлығына қатысты дау-дамайлардан әрине «Қайрат» пен «Астана» секілді азулы қарсыластарға қарсы ойында қосымша күш бітпесі анық. 

Кубоктік ойындағы жеңістің «Ордабасы» үшін психологиялық тұрғыда қаншалықты маңызды болғанын Андрей Мартиннің өзі де айтқан болатын. 

«Жетісу» үшін де маусым басы табысты деуге келмейді. 4 турдан кейін талдықорған дықтар 3 ұпаймен тоғызыншы келеді. Самат Смақов «Астанадан» ұтылған ойын соңындағы баспасөз-мәслихатында ағынан жарылып еді. Қазақстандық маман «Жетісу» үшін маусымның оңай болмайтынын ымдап жеткізді. 

Біздің болжам - кездесудің жалпы тоталы 2-ден көп болады. Бүгін Түркістандағы матчта дәл кімнің жеңіске жететінін тап басып айтуға тәуекеліміз жетпейді, алайда қос клуб та маусымдағы алғашқы жеңісін тіркеуге тырысатыны анық. Ал тәуекелге бармайтындар үшін тотал больше 2-х дегеннан асқан вариант жоқ. Fonbet.kz бұған 1.70 коэффициент беруде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров