"Жетісу" Премьер-лиганың алтыншы туры аясында "Ордабасымен" кездесті. Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өткен матчта шымкенттік клуб 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 28-минутында Александр Симчевич Механовичтің бұрыштамадан асырған пасын сәтті пайдаланып, есеп ашты. 58-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Эльхан Астанов есепті еселеді. Араға үш минут салып Жоао Пауло матчтағы үшінші голды соқты. Ал ойынның соңғы минутында Мирзад Механович пенальтиден мүлт кетпей, матчтың нүктесін қойды.
Үш ұпайға еш қиындықсыз қол жеткізген Александр Седнев шәкірттері турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілді (10 ұпай). Бір ғана ұпайы бар "Жетісу" ең соңғы орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET