Шымкенттік "Ордабасының" айналасындағы трансферлік жағдай мен клубтың алдағы жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб басшысының кеңесшісі Ермұхамед Мәулен Серый CARDINAL телеграм арнасына берген сұхбатында командадағы кадрлық мәселелер мен трансфер нарығындағы кедергілерді ашық айтты.
Камараның трансфері және легионерлер мәселесі
Көптен бері талқыланып жүрген Камараның командаға келуіне қатысты ақпаратты Мәулен растады. Ойыншыға деген қызығушылық жоғары болғанымен, қазіргі таңда келіссөздер барысында белгілі бір қиындықтар туындаған.
Сонымен қатар, клубта қазіргі уақытта үш легионерлік орын бос тұр. Бірақ оларды сапалы ойыншылармен толтыру оңай емес.
Еуропада трансферлік терезе жабық болғандықтан, таңдау тек еркін агенттермен шектеліп отыр. Еркін агенттердің арасынан команданың деңгейіне сай келетін сапалы ойыншы табу — қиынның қиыны.
Негізгі басымдық — жазғы трансфер
Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, клуб басшылығы асығыс шешім қабылдағысы келмейді. Команданы нақты күшейтетін басты трансферлік қадамдар жазғы үзілісте жасалмақ.
"Негізгі трансферлік басымдық жазда жасалады.” — деп түсіндірді кеңесші.
Отандық ойыншылардың тапшылығы
Клубтың тағы бір өзекті мәселесі — сапалы Қазақстандық футболшылардың аздығы. Мәуленнің пайымдауынша, жергілікті мықты ойыншыларсыз "Ордабасының" жоғары мақсаттарға қол жеткізуі, тіпті чемпиондыққа таласуы екіталай. Нарықтағы отандық шеберлердің тапшылығы клубтың селекциялық жұмысына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.
Біздің серіктес: FONBET