Шымкенттік "Ордабасы" қақпашы Азамат Жомартовпен келісімге келгенін хабарлады.
“Командаға 28 жастағы қақпашы қосылды. Азамат “Атырау” түлегі, “Атырау”, “Алай”, “Қағанат”, “Арыс” командаларында доп тепті”, - деп жазды шымкенттік клубтың баспасөз-қызметі инстаграм әлеуметтік желісінде.
Қазіргі сәтте “Ордабасыда” қос қақпашы өнер көрсетіп келеді. Олар Бекхан Шайзада мен Карло Сентич.
Бұған дейін оңтүстік ұжым 25 жастағы гамбиялық шабуылшы Дембо Дарбомен келісімге келгенін қуана жазған еді.
Айта кетейік, “Ордабасы” ҚПЛ 2-турынан кейін 4 ұпай жинап, турнирлік кестеде 3 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET