"Ордабасы" футболшы Мохаммед Кадириге байланысты шешім қабылдады.
Киевтік "Динамоға" тиесілі ойыншының жағдайына шымкенттік ұжымның президенті Бауыржан Абдубаитов пікірі білдірді.
"Қазіргі сәтте біз командаға 4 шетелдік футболшыны қостық. Олар Умаров, Абдухоликов, Брага және Мбодж. Барлығы талантты аяқдопшылар. Болашақта үлкен ұсыныстар түсетініне сенімдімін. Ал Кадири болса, өз толқынына түсе алмай жүр. Біз оны қашан қалыпқа келеді деп күтіп жүре алмаймыз. Бір-екі шетелдік футболшыны қатарға қосу мақсатымызда бар"
Еске салайық, "Ордабасыда" Қазақстанға танымал футболшыларда қаралымда жүр. Атап айтсақ, Бауыржан Исламхан, Асхат Тағыберген, Ғафуржан Сүйімбаев және Сергей Малый жаңа командасына бой үйретіп жатыр
Біздің серіктес: FONBET