Жарнама
Жарнама

«Ордабасыға» ұлттық құрама қақпашысы ауысуы ықтимал

02.01.2025, 16:33

Дәлірек айтсақ, Стас Покатиловке қос бірдей клуб таласуда.

Стас Покатилов
Жарнама
Жарнама

32-жастағы ойыншыны «Ордабасыдан» бөлек өзінің қатарынан талдықорғанның «Жетісуы» да көргісі келеді деген ақпарат бар. Алайда, Покатиловтің құқықтары әзірше «Тобылға» тиесілі. С. Покатиловтың нарықтық құны 500 мың еуро. 

Қақпашы өткен маусымда қостанайлық клуб сапында премьер-лига аясындағы 24 ойында алаңнан бой көрсетті. 

Жалпы, ҚПЛ-де 233 ойынға қатысқан. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрама командасының сапында 28 кездесуде өнер көрсетті. 

Стас Покатилов өзінің мансабында «Тобылдан» бөлек «Ақтөбе», «Қайрат», «Шахтер», «Ақжайық» пен Ресейдің «Ростов» командасының намысын қорғаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров