"Ордабасының" бас бапкері: Бірінші бәсекедегі нәтижені әділ деп есептеймін

17.07.2024, 13:29

Бүгін "Ордабасы" Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты кездесуін өткізеді.

Александр Седнев

Өткен аптада Шымкенттегі матчта алаң иелері Молдованың "Петрокубымен" тең тарқасқан еді (0:0. Бүгінгі матч қарсаңында "Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев қарсылас пен бірінші бәсеке жайлы пікірін айтты. 

"Бұл, стильдері бөлек, деңгейлері шамалас командалар. Алдағы бәсекеден осындай екі түрлі стильде ойнайтын екі ұжымның қайсысы мықтырағын білеміз. Өзіме" Петрокуб" қатты ұнады. Алдын-ала күткеніміздей-ақ, қарсылас мықты екен. Бірінші бәсекедегі нәтижені әділ деп есептеймін. Матчтың есебі алаңда болған жағдайдың толық дәлелі: командалар өте сақ қимылдаған. Ертең бізді жаңа оқиға күтіп тұр. Қарсыластар бір-бірімен танысты. Бұл жағдай екінші кездесудің барысына қатты ықпалын тигізеді,- деді А. Седнев. 

Естеріңізге сала кетейік, "Петрокуб" - "Ордабасы" ойыны түнгі 22:00-де болады. Кишиневтегі кездесуде жеңіске жеткен ұжым ЧЛ-ның екінші іріктеу кезеңінде кипрдің "Апоэліне" қарсылас атанбақ.