Кеше "Ордабасы" Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі жауапты кездесуін өткізіп, жеңіліс тапты. Кишиневте болған ойында Александр Седневтің командасы "Петрокубтен" 1:0 есебімен ұтылған. Беларусиялық маман кешегі ойын туралы ойын айтып, Қазақстан чемпионының сәтсіздігін түсіндіруге тырысты.
"Шабуылда ойынымыз жүрмеді, алайда футболшылар барын салды дей аламын. Бірақ, осындай қателіктерге бой алдыра тұрып мұндай турнирде жетістікке сену қиын, әсіресе қарсыластардың күші тең болған жағдайда. Бізде бірінші таймда мүмкіндік болды, кездесудің басын жақсы бастағанымыздай көрінген. Жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ қарсыластың алдыңғы шепке бірінші жақындауы және ауттан гол... Бұл эпизодты шабуыл деуге де келмейді. Осыдан кейін екінші таймда нар тәуекелге баруға тура келді. Ойынды құтқару керек болатын. Өкінішке қарай, бұл жоспар да жүзеге аспады. Футболшыларға сын таға алмаймын, олар қолдан келгенше тырысты. Ал бұл мұндай деңгей үшін жеткіліксіздеу",- деген еді ол.
Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын өткен матчта командалар тең тарқасқан (0:0). Сөйтіп қос ойын қорытындысы бойынша келесі кезеңге молдовалық ұжым аяқ басып отыр. Ал"Ордабасы" өзінің жорығын Конференция Лигасында жалғастырмақ. Шымкенттік клуб турнирдің екінші айналымында люксембургтің "Дифферданжымен" шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET