«Ордабасының» су жаңа бас бапкері Андрей Мартиннің тарапына небір жылы лебіздер айтылуда.
Әсіресе, молдовалық маманды бұрынғы клубындағы ойыншылар жабыла мақтауда. Шымкенттік футболшылар мен жанкүйерлерге жақсы таныс Молдова чемпионының жартылай қорғаушысы Сергей Платикэнің мына бір сөздері көңіліңізді босатады екен. «Петрокуб» ойыншысының сұқбатын Moldfootball.com сайты жарилаған еді.
«Елімізде онымен деңгейлес бапкер бар деп ойламаймын. Ол ерекше психолог, қателікке бой алдыратын ойыншының тілін тауып, жақсы қабілеттерін аша біледі. Сынамайды, керісінше жігер сыйлайтын. Иә, оның кеткені өте өкінішті. Енді «Петрокубта» Мартин секілді бапкер болмайды. Менің жаңа келісімшартым 2026-жылға дейін жарамды, бірақ бәрін уақыт көрсетеді», - деген болатын молдовалық футболшы.
Айта кетейік, жазда «Ордабасы» ЧЛ-ның іріктеуінде Андрей Мартин бастаған «Петрокубқа» жол берген болатын.
Біздің серіктес: FONBET